Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бірлік» партиясының үгіт-насихат тобы Шымкентте

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2016
  • 1795

«Бірлік» партиясының үгіт-насихат тобы Шымкентке келіп жетті. Белсенділер ең алдымен жастар қауымымен кездесуді ұйғарған. Сөйтіп, аймақтағы үздік оқу орындарының бірі - политехникалық колледжге бас сұқты. Студенттермен, ұстаздармен жүздескен партия мүшелері тұғырнаманы таныстырып, ондағы басты бағыт - білім берудің сапасын көтеру жайында кеңінен сөз қозғады. Елде техникалық кадрларға сұраныс жоғары. Әсіресе, шалғай ауылдарда білікті маман тапшы. Сондықтан «Бірлік»  партиясының белсенділері жастарды қалаға ағылмай, алтын бесік - ауылға барып еңбек етуге үгіттеп отыр. Келер жылдан бастап Қазақстанда тегін кәсіптік білім беру жүйесі іске қосылады. «Бірлік» партиясы бұны оң бастама деп есептейді.

Серік Сұлтанғали, «Бірлік» партиясының төрағасы:

Барлығы академик бола алмайды ғой, болуға міндетті де емес. Сондықтан Білім министрлігі қатарында ма, не болмаса бөлек комитет құрылуы керек деп ойлаймын. Техникалық мамандықты ары қарай, біздің халқымызға дамытатын, жастарды көбірек оқытатын бөлек комитет керек.

Самат Қозыбаев, «Бірлік» партиясы ОҚО филиалының жетекшісі:

Техникалық білім алатын студенттердің шәкіртақылары жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген жастардікінен кем болмауы тиіс. Қазіргі басты мәселе, мамандарды дайындауда жұмыс берушілердің талабы ескерілмейді. Сондықтан өндіріс орындары мен білім ошақтары тығыз байланыста жұмыс атқаруы тиіс.