Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 6000-ға жуық бала музыкалық шеруге қатысты

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2018
  • 3715

Балаларды қорғау күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Сондай акциялардың бірі Астанада өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған музыкалық шеруге Елордада 6000-ға жуық оқушы қатысты.

Сап түзеп әсем әуеннің аясында салтанатты шеруге шыққан балғындардың көңіл күйі керемет. Әсем киініп, қолдарына музыкалық аспаптарын ұстап алған. Сәні жарасқан ерекше шараға Астанадағы 105 білім беру мекемесінен жеткіншектер қатысты. 

Бүгінгі мейрам құтты болсын. Еліміз аман болсын. 1 июнь құтты болсын. Ешқашан ауырмаңыздар. Ел-жұртымыз аман болсын.

Оқушылар мен студенттер Астананың орталық алаңынан бастап  Абай, Республика, Кенесары көшелерін бойлай жүріп өтті. Түрлі тақырыптарда ән салған балалардың өнері қарапайым тұрғындар мен қала қонақтарына да ерекше әсер қалдырды.

Жазира Асанова, Астана қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы:

Мысал үшін, Байқоңыр модерн стилінде музыкасын шырқаса, Сарыарқа ауданы фольклорлық музыкасын шырқайды. Ал Есіл ұлттық әндерді, ал Алматы классикалық жанрда шығады.

Бүгінгі мерекені Астанадағы мамандандырылған балалар үйінің бүлдіршіндері де думандатып өткізді. «Гүлдер балы» деп аталатын шарада  4 жасқа дейінгі сәбилер қонақтарға ән айтып берді. Би билеп, қызықты қойылымдарын да қойды. Бұл мекемеде денсаулығында ақауы бар бүлдіршіндер тәрбиеленеді.

Сауле Кенжебаева, Астана қаласы әкімдігі мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері:

Біздің баламыз - ертеңгі біздің болашағымыз. Біздің де балаларымыз ертең сондай біздің атақты азаматтарымыз болсын Қазақстанның. Үйлерін тапсын, ата-аналарын тапсын. Ауырмасын. Бізде бәріміз соған енді тілек болайық.

Ал мереке қонақтары бүлдіршіндерге арнап кітаптар, түрлі ойыншықтар мен өзге де керемет сыйлықтарын ала келген. Игі шаралар Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында өткізіліп жатыр.