Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында 1 депутаттық мандатқа үш үміткер таласады

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2016
  • 2547

Қызылорда облысында 1 депутаттық мандатқа үш үміткер таласады. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы айтты. Аймақ бойынша 147 депутаттық орынға 460 үміткер тіркелген. Барлық кандидаттардың 312-сі өзін өзі ұсынса, 148-і саяси партиялар атынан сынға түспек.

Облыстық сайлау комиссиясының дерегінше, тіркелген үміткерлердің 396-сы жоғары білімді, басым бөлігі - мұғалімдер. Қалғандары инженерлер, дәрігерлер, заңгерлер мен ауыл шаруашылығы мамандары. Он сегіз кандидаттың орта білімі болса, тоғыз кандидат уақытша жұмыссыз. Облыста тіркелген кандидаттардың ең жасы 22-де. Ең егде үміткер 69 жаста. Ал сайлау күні аймақта 350 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Абайбек Жүнісов, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

Құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Бірақ бүгін мәжілісті үйымдастырып отырған мақсатымыз - осы сайлауалды науқан кезінде жұмыстардың заңнамалық талаптарға сай жүргізілуі, осы құқық бұзушылық фактілірге жол бермеу, сонымен қатар партиялардың өзара түсіністікпен жұмыс жасауы, бір-бірімен арасында болмайтын технологияларды пайдаланбау.

Шарипа САҚТАПОВА