Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ сауда соғысын жалғастырып жатыр

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2018
  • 3402

Кезекті сауда соғысы. Қытай АҚШ-қа сес көрсетті. Егер Вашингтон экономикалық санкциялар енгізетін болса, Аспан асты елі сауда келісімдерінің күшін жояды. Ал Мексика мен Канада Американың алюминий мен құрышқа салған баж салығына қарсы шара қолданбақ. Естеріңізге салсақ, Вашингтон бірінші маусымнан бастап Еуроодақ, Канада  және Мексикадан келетін бұл металлдарға тарифті көтерді. Ал Дональд Трамп Құрама Штаттардың ұлттық мүддесін қорғап отырғанын мәлімдеді. Канада іргесіндегі жақын көршісі металлдарына баж салығын салады деп күтпесе керек. Қарсы жауап ретінде шілдеден бастап америкалық тауардардың тарифін 25 пайызға көтермек. Мексика да қарсы шара қолдануға дайын. Ал Еуроодақ АҚШ тауарларының басым бөлігіне баж салығын салып тастады. Ақ үй басшысы болса, Американы қайтадан «ұлы» қыламын деген позициясынан таймақ емес.

Дональд Трамп, АҚШ президенті (01.06.2018):

Бұл келісімдер Америка Құрама Штаттары үшін өте нашар. Жыл сайы Мексикамен арадағы саудада біз 100 млрд доллардан артық ақша жоғалтамыз. Канадамен байланыста да миллиардтар жоғалтып отырмыз. Мен Канадамен бөлек, Мексикамен бөлек келісім болғаны дұрыс деп есептеймін.

АҚШ-тың экономикалық соғысына жауап беруге асығып отырғандардың қатарын Қытай толықтырды. Аспан асты елі бұған дейін қол жеткізілген барлық сауда келісімдерінің күшін жоюға әзір.

Ли Юн, ҚХР Халықаралық сауда қауымдастығы директорының орынбасары:

Біз Америка сабасына түседі деген сенімдеміз. Екі жақ та ақша мен жылдар бойы қалыптасқан байланысты жоғалтқысы келмейтін шығар деген ойдамын. Сондықтан Қытай мен Америка Құрама Штаттары экономикалық және сауда мәселелерін тәуекелсіз шешеді деп үміттенеміз. Дегенмен соңғы сөзді Қытай айтады.