Денсаулық сақтау министрлігі жайбасарлық танытып отыр. Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев тwitter парақшасында осындай пікір білдірді. Сенат спикері жоғарғы палата депутаттары елде таралған індетке орай Үкіметке сауалхат жолдайтынын айтқан.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Менингитпен күрестің қазіргі жағдайы сын көтермейді. Құзырлы министрлік кешірілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр.