Русский Сайттың толық нұсқасы

Бозымбаев қамауға алынған орынбасарына қатысты пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2018
  • 3163

Бурабай көлін тазарту жобасын қолға алған бетте мен министрлікте жұмыс істеген жоқпын. Курортты көлді тазартуға қатысты екі бірдей орынбасары қамауға алынған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет қабырғасында осылай деді. Оның айтуынша, мердігер ұйыммен келісімшарт 2013 жылы қоршаған ортаны қорғау бойынша өзге ведомствода бекітілген және содан бері жалғасып келген.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Күдік тудырған эпизод 2015 жылға қатысты. Ол кезде мен мүлдем басқа жерде жұмыс істеп жүргенмін. Сондықтан бұл мәселе бойынша пікір бере алмаймын. Оның үстіне құжаттарды Ұлттық бюро алып кетті, тергеу жүріп жатыр.

Бозымбаев әріптесіне аяушылық білдіріп, Бақытжан Жақсыалиевтің білікті маман екенін айтты. Еске салайық, Бурабай көлін тазартуға бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікпен Жақсалиев үй қамаққа алынды. Ал наурыз айында Энергетика министрінің тағы бір орынбасары Ғани Сәдібеков те осы іс бойынша айыпталған болатын.