Русский Сайттың толық нұсқасы

Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадицияланады - Бас прокуратура

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2018
  • 2909

"RBK Bank" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі, Мәскеуде құрықталған Жомарт Ертаев елге экстрадицияланатын болды. Мұны Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді. Оның сөзінше, Ертаевқа қатысты Ресей Федерациясының құзырлы органдарымен бірлесіп жүргізген жұмыстар нәтижесінде осындай келісімге қол жеткен. Экстрадициялау мерзімін Ресей тарапы белгілейді.

Естеріңізге салсақ, Жомарт Ертаевқа «RBK Bank» АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі бола отырып, жалған ЖШС-ке 80 миллион доллар көлемінде банктік қарыз беруге ыңғай жасаған, сондай-ақ "алған қаражатты алдағы уақытта қайтармау мақсатында әрекет еткен" деген айып тағылып отыр.