Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ауруханаға түскен тағы бір сәбиден менингококк инфекциясы анықталды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2018
  • 2703

Астанада ауруханаға түскен тағы бір сәбиден менингококк инфекциясы анықталды. Оның да диагнозы расталғанын Балалар инфекциялық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мәлімдеді. Маусымның 4-і күні түскен 2 жасар сәби жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты деп отыр. Ал бұған дейін жансақтау бөлімінде жатқан 3,5 жасар бала палатаға көшірілген. Ол 21 күн бойы дәрігерлер бақылауында болады. Ол балалар арасында ауру жұқтырған қаладағы алғашқы бүлдіршін болатын.

Роза Өтегенова, Астана қаласы балалар инфекциялық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Екі баланың да бүгінгі күні жағдай тұрақты. Жағдайының тұрақтануына байланысты, бірінші науқас аурухананың профильді бөлімінде жатыр. Екінші бала әлі де реанимация бөлімшесінде. Барлық керекті зертханалық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.