Русский Сайттың толық нұсқасы

Айламен 20 миллион теңге алған қостанайлық фитнес-жаттықтырушы ұсталды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2018
  • 2091

Қостанайда тұрғындардан қомақты ақша алған күдікті ұсталды. Шаһардағы фитнес клубтардың бірінде жұмыс істеген жаттықтырушы 20 миллион теңгені қалтасына басқан. 23 жастағы жігіт  қаладағы фитнес клубта үш жылдан астам жұмыс істеген. Алғашында  жаттықтырушы, кейін залдың әкімшісі қызметін атқарған көрінеді. Күдікті залға келушілердің сеніміне кіріп, құрал-жабдық алу үшін ақша сұраған. Оның 8 адамнан 20 миллион теңгеге жуық қаражат алғандығы анқыталып отыр. Жәбірленушілердің кейбірі қолма-қол ақша берсе, енді бірі несие алып қомақты ақша ұстатқан.

Ирина Беженарь, Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Қылмыстық кодекстің 190-шы бабы бойынша полицейлер  сотқа дейнгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.Қазіргі таңда күдікті ұсталды.Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.