Русский Сайттың толық нұсқасы

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін асығыс енгізу әлеуметтік "жарылыс" жасауы мүмкін - Т.Құлыбаев

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2018
  • 3663

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін асығыс енгізу әлеуметтік "жарылыс" жасауы мүмкін. Кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев осылай дейді. Оған қоса медициналық мекемелер де ақша санауға әлі дайын емес деп санайды. Бүгін "Атамекен" 5 жылда атқарған жұмысы жөнінде мәжіліске есеп берді. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Дәрігерлер мен бизнесмендер арасында туған бұл текетіреске біраз болды. Емханаларға қаражат керек. Жаңа жүйе оны жұмыс беруші, яғни кәсіпорындардан сақтандыру төлемі арқылы алуды көздеген. Елдің бас кәсіпкері Тимур Құлыбаев жалақы төлеу қорына салмақ түседі деп отыр. Содан соң кәсіпкерлер айлықты "конвертпен" беруге көшеді дейді. Құлыбаевтың есебінше, қазір елде сақтандыру жүйесіне 9 млн адамнан 1,4 млн адам ғана ақша төлейді. Мұндай көрсеткішпен, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалақы қорына түсетін салмақ 44% артады.

Тимур Құлыбаев, "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы:

Ең басты проблема - медициналық мекемелерде менеджерлер емес, бас дәрігерлер отыр. Олар ақша санай алмайды. Біз сақтандыру бойынша науқасқа ең аз көлемде медициналық көмек көрсетеміз, егер адам ауыр сырқат болса ше? Оған не істейміз? Ол медициналық сақтандыру жүйсіне кірмейді. Бұл әлеуметтік "жарылысқа" әкелуі мүмкін.

Бизенстің басты проблемасы - ұзақмерзімді теңгенің жетіспеушілігі. Қазір банктер де бизнес те шетелден қарыз алмайды. Доллар ұшқанда, ауыздары күйген. Құлыбаев бизнеске екі қаржы көзін атады. Ішкі ақша. Бірі - тұрғындардың салатын депозиті. Екіншісі - заңды тұлғалардың депозиті. Ол - квазимемлекеттік сектор. Яғни ұлттық компаниялар ең ірі депозитке ие. Олардың банктерге салатыны 6 трлн теңге. Бірақ бұл қысқа мерзімді ғана қаражат. Ең ұзын қаржы көзі - Зейнетақы қоры.

Тимур Құлыбаев, "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы:

И вот мы сейчас разговариваем, чтобы через систему управляющих компании запустить возможности из ЕНПФ деньги, чтобы заходили в экономику.

"Осыдан біраз бұрын зейнетақы реформасын жасағанда, ол қаржыны қор биржасына салып, ұзақмерзімді қаражат тартуды көздегенбіз. Бірақ ол іске аспады. Қор биржасы "құлап" жатыр", - дейді Құлыбаев. Тіпті оны Астана Халықаралық қаржы орталығы құтқарады дегенге күмәнмен қарайды. 

Тимур Құлыбаев, "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы:

МФЦА очень сильно желаю этому проекту поддержку. Только ради того, чтобы сделать Английский суд. Это уже революционное решение. Но сегодня ресурсов для фондового рынка в Казахстане нет. 

Бизнестің жауапекершілігі де сөз болды. Мәжіліс спикері жақсы мысал келтірді. Бұрын Астанада жеделсаты орнататын 5 компания болған. Талапқа сай барлық қондырғысы бар. Осы саланы лицензиялауды алып тастаған соң бірден 69 компания ашылыпты.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: 

Большинство из которых - это руководитель и один специалист, который вообще никакого отношения к лифтам не имеет. И что получилось?Полетели наши лифты. 

Бұл мәселені реттеу үшін, биыл мәжіліске жаңа заң келіп түсуі мүмкін.

Ал былтыр тұсауы кесілген "Бастау бизнес" арқылы қысқа мерзімді курс оқығандардың 75 пайызы өз ісін жолға қойған. "Атамекен" жұртшылықты жаппай бизнеспен айналысуғы шақырады. 2019 жылы "Экономика және кәсіпкерлік негіздері" сабағы мектепке де енгізілмек. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ