Илья Ильиннің екі жылға созылған дисквалификациясы өз мәресіне жетті. Ал, бүгін еліміздің белгілі спортшысы үлкен спортқа оралғанын ресми түрде мәлімдеді. Соңғы бірнеше жыл бойы штангист маңызды мәлімдемелерін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында жариялап жүр. Өткен жолғы кездесуге қарағанда бүгінгі Илья Ильин жігері мен мүмкіндігіне сенімді спортшы болып көрінді. Десе де, ол олимпиада медалін қайтарамын деп кесіп айтқан жоқ. Бұл ретте жас шамасын ескерсе керек. Ол үшін маңыздысы - Қазақстан чемпионатында жеңіске жету.
Илья
Ильин, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы:
Алдын ала болжам бойынша, салмақ категориясы
100 килограмм болмақ. Менің қазіргі нәтижелерім 172 және 212 келі. Бұл - жақсы
нәтиже. Бұлшықеттерім «бұзылып» жатыр, бұл, жасымды ескерсек, заңды құбылыс. Мен
өзімді 90 пайызға жақсы сезінемін. Алдымда Қазақстан чемпионаты тұр, соны
жеңуім керек. Одан кейін Олимпиада. Егер іріктеуден өтсем, барамын, әрине.
Барғым келеді. Жеңісті қалаймын!