Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадағы медициналық оңалту қызметіне 4 миллиард теңге бөлінеді

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2018
  • 2556

Биыл Астанадағы медициналық оңалту қызметіне 4 миллиард теңге бөлінеді. Ал барлық санаттағы мүгедектер үшін медициналық көмек қолжетімділігі 100 пайызға дейін артты. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясында өткен жиында белгілі болды. Отырыста 20 жылда Астананың медициналық-әлеуметтік көмек қызметі қаншалықты ілгері басқаны талқыға салынды. 20 жыл ішінде атқарылған әлеуметтік қызмет көрсету саласында да жетістіктер бар. Астаналықтарға әлеуметтік қызметтер ұсынатын желілер құрылды. Ол тәулік бойы қызмет етеді. "Нұр Отан" партиясының комиссия мүшелері әкімдік өкілдерінің жұмысына оң баға берді. Ал жаңа жобаларды жүзеге асыруларына қолдау білдірді. 

Айгүл Нұркина, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

Партияның көшбасшысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау қажеттілігін атап өтті. Осыған байланысты мемлекет зейнетақы жүйесіне ие, мақсатты әлеуметтік көмек жүйесі құрылды. Түрлі медициналық және әлеуметтік мекемелер жұмыс істейді.