Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басталғалы елде өндірістік жарақаттан 50 адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2018
  • 3368

Жыл басталғалы елде 50 адам өндірістік жарақаттан көз жұмды. Мұны Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Саиров баспасөз жиынында мәлімдеді. Оның мәліметінше, биыл 400 адам жұмыс кезінде жарақат алған. Сондай-ақ, баспасөз жиынында электронды еңбек биржасы арқылы 112 мың адам жұмысқа орналасқаны айтылды. Онлайн еңбек биржасының қызметіне 41 мың кәсіпорын, 133 мың жұмыссыз жүгінген.

Ерлан Саиров, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

Адамдар үшін өте қолайлылығын көрсетті. Ауылда болсын, шалғай болсын, біздің азаматтардың мына смартфон арқылы осы биржаға кіріп, өзіне бір жұмыс іздеп қолайлы бір вакансияны табуға өзінің мүмкіншілігі бар.