Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда көліктің сатылымы артты

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2018
  • 2892

Қазақстанда көліктердіің сатылымы артты. Және негізінен отандық көліктер саудаланып жатқан көрінеді. Бұл туралы Energy Prom. Kz. сайты хабарлайды.  Темір тұлпарлар Шығыс Қазақстан мен Қостанай өңірлерінде құрастырылады. Және олардың өндірісі бір жылда екі есеге артқан. Сөйтіп қаңтар-сәуір айларында 8,8 мың көлікті құрады. Басымдық жеңіл көліктерге берілген. Автобустар мен жолаушылар тасымалдайтын шағын автобустарға сұраныс аздау. Дегенмен олардың өндірісінде де 11 пайызға өсім байқалады.Сұраныстың артуына бағалардың төмендігі де әсер етіп отыр. Отандық көліктер шетелдікімен салыстырғанда 55 пайызға арзан. Орта есеппен алғанда шетелдік машина 10 миллион 800 мың теңге тұрады. Ал қазақстандық темір тұлпарды 4 миллион 800 мың теңгеге алуға болады.