Русский Сайттың толық нұсқасы

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес қарымта кездесу өткізуге уағдаласты

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2018
  • 2317

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес қарымта кездесу өткізуге уағдаласты. 15-ші қыркүйекте боксшылар Лас-Вегастағы шаршы алаңға шығатын болды. Бұл «Канело» өз талабын қойғаннан кейін мүмкін болды. Ал түскен табыс 57,5 / 42,5 үлесімен мексикалықтың пайдасына шешілген. Бірақ бұл сан әлі өзгеруі мүмкін. Ал Головкиннің өзі жаһандық деңгейдегі шараға қатысады. Қазақстандық төртжылдықтың басты бәсекесіне аттанбақ.


Ал бүгін сәлден соң Мәскеуде футболдан әлем чемпионатының ашылуы болады. Салтанатты шара 80 мың орындық «Лужники» стадионында өтеді. Төртжылдықтың басты кешіне ондаған елдің мемлекет басшысы келді. Олардың ішінде Қазақстан президенті де бар.

Қазір Ресейге миллиондаған фанат та жан-жақтан ағылып жатыр. Келген қонақтарға 17 мыңнан астам ерікті көмек көрсетеді. Олардың көбісі испан тілін жіті меңгерген. Өйткені жарысқа келушілердің арасында осы тілде сөйлейтіндер көп. Ал турнирге 32 команда қатысады. 1/8 финалға қатысу үшін топ ішінде екінші орыннан кем түспеу керек. Жарыстар Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өткізіледі. Бұл нысандар белгіленген мерзімінен бұрын салынып біткен болатын. Финалдық бәсеке 15 шілдеде өтеді.