Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясында жүрген әскерилерінің санын арттыратын болды. Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар тиісті құжатты мақұлдады. Айта кетерлігі, бұл ұсынысты Парламентке Президент енгізді. Осылайша 120 әскери Ливандағы бітімгерлік операцияларға қатысатын болды. Қорғаныс министрінің өкілдері жеке құрамдағы офицерлер мен сержанттар, сарбаздардың барлығы келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер деп атап өтті .
Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
Бір сарбазға өзінің жалақысына сай төленеді. Бір сарбаз 70-100 мың алса, ол 3 есе көбейтіледі. Қазақстан төлейді. БҰҰ-нан 1400 доллар ай сайын төленеді. 2 доллар тәуліктік төлем алып отырады. Бір жасақ алты айға барады бір рота. 120 сарбаз. Жылына екі рота 220 адам барады.