Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанның бас жоспары тұжырымдамасын әзірлеуге конкурс жарияланады

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2018
  • 2828

Түркістанның бас жоспары тұжырымдамасын әзірлеуге халықаралық конкурс жарияланады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мәминнің өңірге жұмыс сапары барысында мәлім болды. Бас жоспар екі кезеңге бөлінбек. Біріншісі - 2035 жылға дейін, екінші кезең - 2050 жылға дейін. Ал байқауға отандық қана емес, халықаралық сәулетшілердің де қатысуына мүмкіндік бар, - деді инвестициялар және даму вице-министрі.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі: 

Астана қаласын салу тәжірбиесін ескере отырып, қаланың тұжырымдамасын техникалық тапсырмасы мен бас жоспарын әзірлеу үшін "Астана Бас жоспарын" тартуды немесе Түркістан қаласында филиалын құруды ұсынамыз.

Түркістан аймағын дамыту туралы комиссия отырысында сөз алған аймақ әкімі үкімет деңгейінде шешілетін мәселелерге тоқталды. Туристік потенциалды арттыру үшін алдымен халықаралық әуежей мен темір жол вокзалы қажет. Айта кетейік, көне шахардағы вокзал 1904 жылы салынған, күніне 500 адамға қызмет көрсетеді.

Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі:

Былтырдың өзінде 1 млн 160 мың турист келсе, біздің есептеріміз бойынша, бірнеше жылдың ішінде 2 млн, одан әрі қарай 3-5 млн-ға дейін көбейтуіміз қажет. Стамбул - Түркістан, Түркістан - Бұқара, Самарқанд деп жасалған жағдайда, бірнеше млн келуге дайын. Индонезия, Малайзияда солай