Русский Сайттың толық нұсқасы

Пойыз апатынан қаза тапқан 12 жасар жеткіншек ертең жер қойнына тапсырылады

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2018
  • 2212

Осы теміржол апатынан қаза тапқан 12 жасар Алексей Мальнев ертең жер қойнына тапсырылады. Бұл туралы баланың туыстары айтты. Алексейдің денесі бүгін кешке Қарағандыға жеткізіледі. Мезгілсіз қаза жеткіншектің ата-әжесіне ауыр тиген. Олар немересінен айырылғанына сене алмайды. Өткен сенбіде екі ұлы отбасымен бірге Ыстық көлге демалуға аттанған. Балаларына Алматыны, Шуды көрсетіп, ары қарай Қырғызстанға саяхаттауды жоспарлайды. Апат болған кезде олар Алексейді таппай жүргенін айтып, телефон шалған.

Леша бұл сапарды қатты армандады, Қырғыз еліне барғысы келді. Алғаш рет саяхатқа шыққан еді. Енді міне үйден 8 адам шығып, жетеуі ғана оралатын болды. Ұлым мен келініме Құдай сабыр берсін.