Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-ғы президент сайлауының науқаны, Сирия, Қазақстандағы экстремизммен күрес

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2016
  • 1747

Ал АҚШ-тағы президент сайлауының науқанын Дональд Трамп «қызық» қылып тұр. Өзін «брендпін» дейтін ол,и«президент болып сайлансам, табысты іскерлік келіссөздер арқылы жинаған тәжірибемді Американың халықаралық қатынастарына жаңа серпін беруге қолданамын» деп отыр. Bloomberg ресурсының шолушылары оның бизнесте аса табысты әрі дана еместігін байқапты. Бір мысал: 

Трамптың «АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салу керек, Мексикамен арада қорған орнатқан дұрыс» дегенінен кейін мұсылман елдеріндегі серіктестері тіксініп қалған. Мысалы түрік медиамагнаты, миллиардер, Ыстамбұлдағы Trump Towers іскерлік және тұрғын-үй кешенінің қожайыны  және Трамптың атын пайдаланғаны үшін ақы төлейтін Айдын Доган өзінің Трамппен байланысын қайта қарайтынын айтқан. Ал түріктер оған 2014 жылдың басынан 2015 жылдың ортасына дейін 5 млн доллар төлеген. 

Ал Сириядағы АҚШ позициясына келсек, апта басында орыстар америкалықтармен бірігіп, оқ атуды тоқтату «операциясы» басталатанын хабарлады. Бүгін келісім күшіне енді. Алайда The Wall Street Journal-жазуына қарағанда Вашингтон Ресейдің бұл ниетіне күдікпен қарайды.

Назар аударатыны салмақты басылымдарда  - "Джабхат ан-Нусра" деген Башар Асад үкіметіне қарсы соғысып жүрген ұйымның терероршы ұйымдардың тізімінде болуын «қамтамасыз» еткен Ресей, себебі ол Асадқа қарсыларды әрі қарай бомбалай бермек- деген комментарийлер бар. Мұндай «кілем астындағы жүрістер» соғысты тоқтату туралы келісімге расында сендіре қоймайды. Өйткені келісім шарты бойынша тараптар бір-біріне оқ атудан бас тартып қоя салмай, ДАИШ ғана емес, Джабхат ан-Нусра сияқты ұйыммен де бірігіп соғысулары керек. Сонда Башар Асадқа қарсы соғысып жүрген – бірақ террорлық ұйымдар тізіміне енбегендер осы кезде дейінгі одақтастары - Джабхат ан-Нусра-ға оқ атулары міндет болып шығады. Және ең «қызығы» - ол үшін Асадтың армиясымен бірігіп...  Ылғи айтып жүргеніміздей – Сириядағы текетірес державалар мен «держава» екенін дәлелдеуге кіріскеннің арасындағы соғыс...

Ал Ақтөбеде арнайы операциямен «діни эктремизммен айналысып жүр» деген күдікпен бір топ ер кісі ұсталған. 25-пен 45 жас аралағындағы 11 адамның Сирияға кетіп, соғысқа қатысуды көздегенін Ақтөбе облысының прокуратурасы «Астана» арнасының тілшілері қойған сауал аясында хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу басталған.

Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасының 1-басқармасының бастығы:

Бұл адамдардың әрекеті қылмыс ретінде квалификацияланады. Мұндай қылмыс жасағандар 257-бап бойынша 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.

Апта ортасында Президент жинаған Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында да  қаралған мәселенің бірі – діни экстремизм және террормен күрес. Радикалды идеяларға бас ұратындарды азайту.

Сондай-ақ, «Ақ Орда» ның ресми сайтының хабарлауынша,  ішкі тұрақтылықты сақтауға үлкен мән беру керектігі талқыланған. Әлеуметтік және еңбек кикілжіңдерін тудыратын жағдайларды болдырмау керектігі.