Мұхаммед Қамшыбекті ұрлаған әйелдің баланы қайтару қаперінде болмаған. Арыс қаласының тұрғыны іздеуде жүрген балақайды танып, тиісті орындарға хабарлаған соң, күдікті қолға түскен. Ішкі істер департаменті өкілінің айтуынша, ол қылмысын мойындаған. 2013 жылы алты жастағы қыз баланың жоғалуына да осы күдіктінің қатысы бар, - дейді полицейлер.
Кенжебек Оңдасынов, ОҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы:
Бұл қылмыс осы уақытқа дейін ашылмай тұрған. Ұрлап әкеткенін осы азаматша,
кешегі ұсталып отырған азаматшаны біз осы уақытқа дейін анықтай алмадық. Енді
бұл кеше ұсталып, мойындап отыр екі қылмысты да. Бұл енді аса ауыр қылмыс. ҚР
ҚК 125 бабы «Адам ұрлау» дерегі.
2013 жылдың қазанында мектептен шыққан алты жастағы Нұрай Өмірәліні бір
әйел алдап алып кетеді. Араға он күн салып, кішкентай қыз қала сыртындағы
көшелердің бірінен табылды. Мұхаммедті ұрлау сценарийі де дәл сондай.
Полицейлердің айтуынша, бала ұрлаған әйелдің өз перзенттері бар.
Кенжебек
Оңдасынов, ОҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы:
Күдікті бұрын істі болмаған.Ақыл-есі дұрыс. Ешқандай психо-наркодиспансерде
есепте тұрмайды. Нұрай Өмірәліні де, кешегі Қамшыбек Мұхаммедті де не үшін
ұрлап кеткені, не себеппен ұрлағаны бойынша тергеу амалдары қазір жүргізіліп
жатыр. Анық-қанығына жетеміз.
Мұхаммедтің анасы ұлын көзінен таса қылмауға тырысып жүр:
-Не деп әкетті? -Анаңның әпшесімін деп алдап әкетті. -Мұхаммед,ол үйде кім бар
екен? Бөпелері бар ма екен?
-Атасы мен апасы.
Жанна Ағабекова, Мұхаммед Қамшыбектің анасы:
«Жүр, мен саған Темірланнан дәрі алып беріп жіберем, қайтарам», солай
деп бұны алдаған. Мен сеніпқалдымсоған, дейді балам. Сеніп кете
бердімартынандейді. Сөйтіп бізді сол үйіне апарды дейді. Мені ұрғанжоқ, соққан жоқ,
деп отыр балам.
Базарбай Ахметов, Ордабасы ауданаралық сот-медициналық сараптама бөлімінің
жетекшісі:
Жалпы ағзаларының жұмыс қабілеті, жұмысы дұрыс. Ешқандай өзгерістер жоқ.
Баланың ұйқысы да, болған оқиғаны өзінің жасына сай айтып отырды. Қазіргі таңда
оның денсаулығы өте қалыпты, жақсы.
«Адам ұрлау» фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бір емес,
екі бірдей адамды ұрлады деп айыпталған күдікті, қылмысы дәлелденсе, 7 жылдан
12 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Сондай-ақ, Мұхаммедті ұрлаған
әйелдің күйеуі де жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ол үйінде бөтен баланың
жүргенін біле тұра, тиісті орындарға хабарламаған.
Алтай Қалықұл, ОҚО ордабасы аудандық сотының тергеу судьясы:
Аталған азаматша жасады деп келтірілген күдігі ауыр сипаттағы қылмыстық іске жататындығы, сонымен қатар оның жасағаны қоғамға қауіпті болғандықтан, сонымен қатар оның әрекеті кәмелет жасына толмаған жасөспірімге қатысты болғандықтан екі ай мерзімге санкция берілді.
Жанна Ағабекова Мұхаммед Қамшыбектің анасы:
Кеше көрдік ол әйелді. Есімі Балжан екен. Ол кісі айтады: мейрімім түсті балаға дейді. Сол себепті алып кеттім дейді.жақсы көрдім, жуындырдым , жеймін деген нәрсесінің бәрін әпердім дедйі. Бірақ оның бірі өтірік, баламнан сұрадым. –маған ештеңе әперген жоқ деді, сок әперді,біз Шымкентке бардық деді. Бірінші осы жерден шыққаннан кейін Шымкентке кеткен,сөйтіп айтты.
Біздің бірнеше облыстағы тілшілеріміз балаларды ертіп әкетудің түк те қиындығы жоғын байқады. Мысалы, ШҚО меншікті тілші Ирина Якунина 1-сынып оқушыларын оп-оңай ертіп кетті. Ескертетіні, эксперимент мектептің және оқушылардың ата-аналарының рұқсатымен жүргізілді:
Дыбыстық және бейне қыстырма:
«Привет ты в этой школе учишься, в 1 классе? Да. А мы тут кино снимем, что-то типа Ералаша, давай мы тебя снимем, буквально 5 минут и за это мы тебе подарок подарим и сразу в школу назад отведем, ну что всего 5 минут пошли»?
Любовь Махортова, оқушының анасы:
Балама ылғи айтамын, ешқандай аға, апа, тәтемен ешқайда барма деп. Күшік, мысық көрсетіп, кәмпит берсе де. Алайда баланың аты бала...Ералаш туралы айттыңыз, ондай жағдайды ойламаппыз. Ал Ералашқа әрбір баланың түскісі келетіні рас. Мен балам сізге ермейтін шығар деп ойлап ем, олай болмады.
Екінші бала да 1 минутта еріп кете барды:
Дыбыстық және бейне қыстырма:
«Привет ты в этой школе учишься в первом классе? А тебя мама не встречает… знаешь почему? Она вон там стоит у нее колесо в машине пробито, а я ее подруга, она попросила тебя привести…»
Иә, алғашында «жоқ» деген, бірақ ол да сеніп қалды:
Оксана Конон, оқушының анасы:
Балам мұндай жағдай болуы мүмкін екенін, ондайда не істеу керектігін білетін. Басында «жоқ» деді де. Бірақ еріп кетті. Біртүрлі болып қалдым. Мұндай жағдай менің басыма тумайтын сияқты көрінетін. Ал өмірде бәрі де мүмкін екен.
Жапонияда 3 жастағы баласын балабақшаға, одан сәл үлкенін мектепке
жетектемей-ақ, өздерін жібере беретін үрдіс бар. Бұл баланың қоршаған ортаға
тез бейімделуіне ықпалдасу да емес. -Бұл, жапон қоғамында кез-келген адамның
көмек көрсетуге дайын тұратынын көрсетеді – дейді, жапон жастары туралы
докторлық қорғаған АҚШ-ң Дюк университетінің мәдениеттанушысы Дуэйн Диксон. Оған Жапониядағы қоғамдық көліктің кестемен
жүретінін, метроның қауіпсіз транспорт екенін қосыңыз. Ал жаяу жүретіндерге
қолайлы инфрақұрылым, көпшіліктің жаяу жүруге деген ұмтылысы, балалардың да,
ересектердің де өздерін қауіпсіз сезінулерін берік ете түседі. Ал ең бастысы -
қылмыс деңгейі өте төмен. Біз -балаңызға «бөтен адаммен сөйлеспе, қолынан бірнәрсе алма»- деп айтудан
жалықпаңыз, деп кезекті рет қаперге салудан басқа, не дейміз? Бірақ айналадағы
адамдар туралы қорқынышты ескертулер айта берсе, балада невроз қалыптасуы
мүмкін...