Муайтайдан кәсіби спортшылар арасында Астана қаласы әкімінің кубогы өтті. Халықаралық жарыс шахардың 20 жылдық мерейтойына арналды. Байқауға 71 келі салмақтағы 8 спортшы қатысты. Олар Тайланд, Барзилия, Швеция мен Польшадан бақ сынасуға келген. Кештің негізгі шайқасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еламан Саясатов пен Таиланд Корольдігінің чемпионы Конгкамрай Жирапонг кездесті. Ауқымды жарысқа мұрындық болған Астана қаласының әкімдігі.
Фархад Аманқұлов, ҚР муайтай федерациясының вице-президенті:
Астана
әкімінің кубогын жыл сайынғы дәстүр ретінде өткізу жоспарда бар. Астананың 20 жылдығына орай халықаралық
деңгейде өткізіп жатырмыз.