Русский Сайттың толық нұсқасы

«7-20-25» бағдарламасымен баспанасы барлар да ипотека ала алады

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2018
  • 2644

Басында баспанасы бар азаматтар екі жағдайда ғана жеңілдетілген ипотека рәсімдей алады. Ал бағдарламамен үй алғысы келгендер қосымша қарыз алушы адам мен кепілгер тартуына болады. Бүгін "Нұр отан" партиясының жиынында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков осылай деді. Ал несие рәмідеуде банктер ешқандай комиссия алмауы тиіс.

Олег Смоляков, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

Қарыз алушыда меншік құқығында тұрғын үй болмауы керек. Бірақ екі жағдайда ипотека берілетін болады. Егер ол аз шаршы метрлік жатақханада жалдау құқымен тұратын болса, сондай-ақ апатты үйде тұратын адамдар болса ғана. Мұндайда қарыз алушы бұл бағдарламаға қатыса алады. Бірақ мұны жұрт несие екенін түсінуі керек. Сондықтан қарыз алушының басқа ипотекасы болмауы тиіс.

Бүгінде "Баспана" компаниясына 200 миллиард теңге аударылған. Ол қор нарығына құнды қағаздар шығармақ. Оған сұраныс жоғары болады деген сенім бар. Бұл қор нарығының да дамуына әкелмек. "Нұр Отан" партиясы президент бастамасының жүзеге асырылуын үнемі бақылауда ұстайтын болады. Қазір нұротандықтар өңірлерде бағдарламаның маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Аймақтарда жүзеге асырылу мәселері партияның жіті бақылауында болады. Біз осы бағдарламаның әрбір тұрғынға, әрбір баспанасы жоқ азаматқа жетсе дейміз.