Русский Сайттың толық нұсқасы

Орал қаласына ыстық су бірер күнде берілмек

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2018
  • 3725

Оралдағы «Жайықжылуқуат» тағы да газдан ажыратылды. Есесіне қала ыстық сусыз қалды. «ҚазТрансГазАймақ» өкілдері жылу орталығынан 150 миллион теңге қарызын төлеуді талап еткен. Мәселеге жергілікті билік араласты. Бүгінде тұтынушылардың жылуға қарызы жарты миллиардтан асса, жылу орталығының көгілдір отынға берешегі 400 миллион теңге. Борышкерлерден қарызды өндіру жұмыстары қарқын алған. 50 автокөлік айыптұрағына қойылса, сот шешімімен жылу ақысын төлемеген тағы үш азамат қамауға алыныпты. Осы жұмыстардың нәтижесінде маусым айында тұрғындардан 25 миллион теңге жиналған. Қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Миржан Нұртазиевтің айтуынша, алдағы бірер күнде қалаға ыстық су беріледі.

Миржан Нұртазиев, Орал қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары:

Қазіргі таңда газды қайта қосу бойынша облыстық әкімдік жанынан қолдау көрсетіліп, келіссөздер жүргізіліп жатыр. «Жайықжылуқуат» АҚ айтқандай, 150 миллион теңге ақшасын төледі құралған кестеге сай. Енді жылу қуат орталығының жұмысын қайта жандандыруды ертең-бүрсігүні деп жоспарлап отыр.