Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркменстанда көп әйел алуға заңмен тыйым салынбақ

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2018
  • 1683

Түркменстанда бірнеше әйел алуға тыйым салынбақ. Отбасылық Кодекске осындай өзгеріс енгізілген. Мұны үкіметтік "Бейтарап Түркменстан" газететіне сілтеме жасап, РИА Новости хабарлады.

Отбасылық кодекске ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойған. Онда екі және бірнеше әйелмен бірге тұруға болмайтыны көрсетілген. Заң биыл қыркүйектің 1-нен бастап күшіне енеді. Дегенмен бұған қарамастан, елде бірнеше әйел алғандарға қылмыстық жаза тағайындау қарастырылған. Түркменстан Қылмыстық кодексіне сай ондай еркектер қомақты айыппұл төлейді немесе екі жылға дейін түзету мекемесіне жабылуы мүмкін.