Русский Сайттың толық нұсқасы

Байқоңыр аумағындағы халық қазақстандық медициналық қызмет алатын болады

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2018
  • 2621

Байқоңыр тұрғындары ресейлік ауруханаларға тәуелді болмайды. Ол үшін Қазақстан тарапы Байқоңырда медициналық орталық ашуды қолға алды. Бүгін Денсаулық сақтау министрі өзгеріс енгізілген заң жобасын депутаттарға таныстырды. Байқоңыр аумағы ресейліктерге жалға берілгендіктен, 48 мың адам Ресей заңына сай медициналық қызмет алып келді. Министрдің айтуынша, ондағы қызмет тарифі Қазақстандағыдан 2 есе қымбат. Енді Байқоңыр қаласының, Төретам мен Ақай кентінің халқы Қазақстан заңына сай төмен тарифпен медициналық қызмет алады.

Емхана қаңтарда ашылған. 30 мың адамға қызмет көрсетуге қауқарлы мекемеде 17 мың адам тіркелген. Оған республикалық бюджеттен 189 млн теңге бөлінді. Ал жергілікті бюджеттен тағы 64 миллион теңге жұмсалады. Орталық тамызда пайдалануға берілмек. Онда науқастар үшін күндізгі стационарда 20 орын және тәуліктік 60 орын қарастырылған.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Аумақтағы Қазақстан Республикасы азаматтарының саны көбейіп келе жатыр. Оның көбісі Ресей Федерациясы ұйымдарында жұмыс істемегеннен кейін солардың медициналық көмек мәселелерін шешу мақсатымен 2 жылдан бастап Ресей Федерациясымен келісіп, өзіміздің аурухана және емхана саламыз. Осы келісім біздің азаматтардың біздің емханада, ауруханада емделуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Байқоңыр аумағындағы халық тегін медициналық көмек пен дәрі-дәрмектен, профилактикалық тексерістерден қағылып келген. Сондықтан депутаттар министрді бірауыздан қолдады. Қазір медициналық орталыққа білікті кадрларды тарту ісі басталып кеткен. Министрдің айтутынша, оларды баспанамен қамту жағы да қаралып жатыр.