Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде өткен жылы қылмыстық істер бойынша келтірілген шығын көлемі 100 млрд теңгеден асты

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2018
  • 1878

Елімізде 2017 жылы қылмыстық істер бойынша келтірілген шығын көлемі 100 млрд теңгеден асты. Бұл туралы халықпен есепті кездесуі кезінде қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, шығынның жартысы мемлекетке қайтарылған. Бұдан былай салық тексерісінің актісі немесе тиісті сот шешімі болмаса, қылмыстық тергеу басталмайды деді министр. Қылмыстық тексеру саласындағы мұндай жеңілдіктер қамауға алу көрсеткішін 71 пайызға дейін азайтқан.

2017 жылы қылмыстық істерден келтірілген шығын 106 млрд теңгені құрады. 50,5 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды. 27,7 млрд теңгенің мүлкі тұтқындалды. Алайда бұл қоғамға қауіпті үдерістер тоқтады деген сөз емес. Мәселен, өткен жылы 157 жалған лоторея терминалдары мен 2511 қолдан жасалған ақшаны тәркіледік. Теріс діни ағымдар тарапынан 28 қылмыстық бұзушылық анықталды.