Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық деректері соңғы бір жылда үш есеге көбейген

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2018
  • 5127

Ақтөбе облысында соңғы бір жылда әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету оқиғалары үш есеге көбейген. Жергілікті полиция қызметі мәліметінше, 2 269 қылмыстық іс қозғалған. Әйелдерге күш көрсету деректері әсіресе, облыс орталығында көп тіркеледі. Мұндай оқиғалардың дені отағасының ішкілікке салынуынан болатын көрінеді.Әәйеліне қол көтерген 200-ден астам тұрғынға әкімшілік жаза қолданылған. Ал ерінің таяғына шыдамаған 5 әйел арнайы орталықта тұрып жатыр.

Альмира Аккатова,  ІІД жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы:

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-інші бабы бойынша 1171 адам жауапкершілікке тартылды. 2049 адамға ескерту берілді. Сондай-ақ 73 бабтың 2 бөлімімен 207 адамға, 1 бөлімімен 296 адамға әкімшілік жаза қолданылды.

Отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарының өздері не айтады? Ерінің езгісіне шыдамаған әйелдерді не күтіп тұр? Бұл жөнінде алдағы сенбіде «Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер!