Русский Сайттың толық нұсқасы

Риддердегі жол апатының басты куәгері - Өскеменнің әкімі Қуат Тұмабаев сотқа келмеді

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2018
  • 2319

Мас күйінде көлік жүргізіп, адам қағып өлтірді деп айыпталған Риддер қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Бауыржан Құрманбаевтың ісі сотта қарала бастады. Алғашқы отырыста Өскеменнің әкімі Қуат Тұманбаевтан басты куәгер ретінде жауап алынуы тиіс болған. Бірақ ол сотқа келмеді. Алайда өлген жігіттің әкесі соттың алғашқы отырысында айыптыға аяушылық танытуды сұрады. Алайда прокурорлар тараптар өзара татуласса да, адам өліміне қатысты қылмыстық іс қысқартылмайтынын жеткізді. Жәбірленуші Виктор Смольников оқиғаның басты куәгері қала әкімі мен Риддер қаласы полициясы басшысының үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті.

Виктор Смольников, жәбірленуші:

Оларға қылмыстық іс қозғалуын талап ететін боламын. Ол мас жүргізушімен көлікке отырған. Менің ұлымды қағып кеткен көлікке отырып, кейін жоғары лауазымды шенеуніктің көлігіне отырып кетіп қалған. Сондықтан мен осы іске қатысы барларды жауапқа тартуды талап етпекпін. Ал айыпталушының әкесі қатерлі ісікпен ауырады екен. Өз әкем де осы дерттен көз жұмғандықтан, оған бостандықта пайдасы тиер ме еді деп ойлаймын.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сәуір айында BMV Х 5 көлігін мас күйінде жүргізген Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. 18 жастар Евгений Смольников жедел жәрдем келгенше көз жұмған.