Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы бірнеше жылда Қазақстанның экономикалық өсімі 5% жетеді - ХВҚ

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2018
  • 2982

Халықаралық валюта қоры алдағы бірнеше жылда Қазақстанның экономикалық өсімі 5% деңгейіне жетеді деп болжайды. Егер Қазақ елі Президент бастамаларын орындап, күрделі реформаларды қолға алса, бұл көрсеткішке жетуге мүмкіндігі мол. Қордың Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері бойынша департаменті директорының орынбасары Марк Хортон баспасөз мәслихатында осылай деді. Оның айтуынша, банк секторы экономика мен шағын және орта бизнесті қаржыландыруы тиіс. Ал үкімет пен ұлттық банк экономикаға қаражат құюдан кету керек. Осындай пікірін жеткізген экономист біздегі қаржылық жағдай сауықтыру сатысынан ауыспалы кезеңге өтіп жатыр,- деді. Мемлекеттің ішкі қоры жеткілікті екеніне де тоқталды.

Марк Хортон, ХВҚ Таяу Шығыс және Орта Азия бойынша департамент директорының орынбасары:

4-4,5% деген жақсы өсім. Бірақ 5 % өсім одан да жақсы болар еді. Сондықтан құрылымдық реформалар, «Бір белдеу - бір жол» бастамалары, банк пен қаржы саласының қызметін жетілдіру - экономикалық өсімді жоғары деңгейге көтереді деп ойлаймын.