Русский Сайттың толық нұсқасы

ОПЕК мұнай өндірісін тәулігіне 1 миллион баррельге ұлғайтуды ұсынды

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2018
  • 2025

ОПЕК-тің Мониторингтік комитеті 1-ші шілдеден бастап мұнай өндірісін тәулігіне 1 миллион баррельге ұлғайтуды ұсынды. Бұл келісімге қатысушы 24 елге бөлінбек. Бұл туралы Сауд Арабиясының Энергетика министрі Халид аль-Фалихқа сілтеме жасап, Интерфакс хабарлады.

Иран шешімді бұғаттайтынын айтып сес көрсетті. Тегеран нарыққа артық мұнай баррелі керек емес, бұл тек АҚШ үшін ғана тиімді деп мәлімдеді. Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай өндірісін көбейтуді қолдап отыр. Министрлер квотаны қайта қарауды нарықтағы мұнай тапшылығымен байланыстырды. Оған Венесуэладағы мұнай өндірісінің төмендеуі себеп. Әрі АҚШ Иранға қарсы санкция енгізетін болса, Тегеран экспортты қысқартуы мүмкін. ОПЕК Мониторингтік комитетінің ұсынысын министрлер қолдай ма, жоқ па, ол ертеңгі кездесуде белгілі болады.

Сергей Смирнов экономист:

Мұнай көлемін ұлғайту туралы келісім тек үшінші тоқсанға ғана қабылданады. Кейін бақылап, жағдайға қалай әсер ететінін байқайды. Бұл бағаға соншалықты әсер ете қоймайды. Құны әрі-бері құбылатыны сөзсіз. Бірақ ұзақ мерзімді трендке айналмайды.