Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейдегі балалар үйінің тәрбиеленушілері Пари Сен-Жермен футбол клубымен кездеспек

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2018
  • 2908

Семейдегі балалар үйінің тәрбиеленушілері Пари Сен-Жермен футбол клубымен кездеспек. Парижге саяхаттау мүмкіндігіне олар футбол жарысының нәтижесінде қол жеткізді. Республика бойынша балалар үйі тәрбиеленушілері арасында сайыс өткен. «Арманыңа жақында» атты жоба аясында балғындарды үздік футбол клубтарының ойыншыларымен кездестіру көзделген. Тартысты дода ақпанда басталған. Содан бері 8 өңірден 300-ге жуық бала команда құрып, сынға түсті. Нәтижесінде семейлік команда жеңімпаз атанды. Олар енді Францияның Пари Сен-Жермен футбол клубымен кездесуге барады. 

Майра Айжанова, қордың әлеуметтік жобалар жетекшісі: 

Былтыр балалар Лондонға барған болатын. Челси футбол командасымен кездесті. Олардың автографтарын алып, футболшылармен суретке түсті. Қандай да бір кішігірім армандары орындалды деп айтсақ болады. Семей осы жылы бірінші рет жеңіп отыр. Және олар, бұйырса, осы жылы Пари Сен-Жермен клубымен кездесуге барады.