Ресейде
футболдан өтіп жатқан доп додасы күтпеген тосын жағдайларға толы болды. Кеше Аргентина мен Хорватия арасында өткен матчтан кейін бірқатар
әлемдік БАҚ-та Аргентинаның бас бапкері
Хорхе Сампаоли жұмыстан кетсін деген сыңайда ақпар тараған. Еске салсақ,
кездесу 3:0 есебімен аяқталып, Аргентина ойсырай ұтылған еді. Ал, басты фавориттердің бірі Франция құрамасы
Перуді 1: 0 есебімен жеңіп, өз тобында алдыңғы орында тұр. Бүгін Бразилия мен
Коста-Рика, Нигерия мен Исландия және Сербия мен Швейцария арасында кездесулер
өтеді.