"Астана" халықаралық қаржы орталығы алаңына 42 компания
қатысушы ретінде тіркелді. Қаржы орталығының ашылу қарсаңында ол 50-ге жетуі
мүмкін. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брфингте Басқарушы директор
Қайрат Келімбетов осылай деді.
Юрисдикциядан өткен компаниялар тізімі жыл
соңында 100-ге жуықтамақ. Ал 2020 жылға қарай ол 500-ге жетеді деген жоспар
бар. "Астана" халықаралық қаржы орталығы алаңында тіркелген ұйымдар
Қазақстаннан бірқатар жеңілдіктер алады. Халықаралық деңгейдегі ұйым 5-ші шілдеде президент пен әлемдік деңгейдегі сарапшылардың қатысуымен ашылмақ. Қайрат
Келімбетов бұл аймақта тікелей инвестиция тартуда әбден дайындалған алаң деп
отыр.
Қайрат Келімбетов, "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:
Үлкен қызығушылық көріп отырмыз. Әсіресе Қытайдың құнды қағаздар жөніндегі компаниялары белсенді. Бағалы қағаздарды басқару бойынша Қытайдың маңдайалды 5 банкі, тағы ірі 5 компаниясы қатысуға ниет білдірді. Сондықтан олар "Астана" халықаралық қаржы орталығы аясында қатысатынын мәлімдей аламыз. Мысалы, әлемдік ең ірі банктердің бірі - Қытай мемлекеттік даму банкі өкілдік офисін ашқанын айта аламыз.
"Астана"
қаржы орталығы "Болашақ" түлектерінің кәсіби мамандарын жұмысқа
орналастыратын болады. Қайрат Келімбетов халықаралық қаржы орталығы халықаралық
деңгейдегі мамандармен қамтылғанын айтты. Олардың арасында белгілі
компанияларда жұмыс істегендер көп. Сондай-ақ мемлекеттік басқаруда тәжірибесі
бар және жоғары білікті шетелдік сарапшылар тартылған.