Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай тұрғындары суға 71 миллион теңге берешек

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2018
  • 2785

Қостанай тұрғындарының коммуналдық берешегі уақыт санап ұлғайып барады. Шаһардағы абоненттердің 30 пайызы суық суға төлем жасамай отыр. Олардың қарызы 71 миллион теңгеге жеткен. «Қостанай-су» мекемесі борышкерлермен күресудің жаңа тәсіліне көшті. Қарызы бастан асатын тұрғындардың кәріз жүйесін бітеп тастайтын құрылғы қолдана бастады.

Заңғар Санай, тілші:

«Қостанай -су» мекемесі 89 мыңнан астам абонентке қызмет көрсетеді. Олардың 3 225 заңды тұлға. Қазіргі таңда 31 мың тұтынушының берешегі бар. Кейбіреуінің қарызы 400 мың теңгеге дейін жеткен.

Қордаланған қарызды қайтару үшін кәсіпорын өкілдері «Кит» құрылғысын қолдана бастапты. Осы арқылы коммуналдық берешегі бар тұрғынның кәріз жүйесін бітеп тастайды.

Мұрат Сарин, «Қостанай- су» МҚК инженері:

«Кит» құрылғысын суық су жүйесі бойынша төмен түсіреміз. Қарызы бар пәтердің деңгейіне жеткізіліп, нақты сол тұрғынның кәріз жүйесін тығындап тастайды. Тексеріп көрдік. Кез-келген қабатқа, тіпті бірінші қабатқа дейін жетеді.

Дәл қазір қала тұрғындарының дебиторлық қарызы 71 милиион, ал заңды тұлғалардың берешегі 38 миллион теңгеден асқан. Бұл соңғы 5-6 жылда қордаланған қаражат. Жалпақ жұрттың берешегін жаппай өндіру  үшін құны қымбат құрылғы сатып алуға мәжбүр болдық, - дейді кәсіпорын өкілдері.

Майя Ақбасова, «Қостанай- су» МҚК баспасөз хатшысы:

Құрылғыны 3 айы бойы төлемеген тұтынушыға қолданамыз. Мәселен, мамыр айынан бері 2 миллион 234 мың теңге берешегі бар 34 абонентті суық су жүйесінен ағыттық. Осындай шаралардың нәтижесінде сол борышкерлердің  20 пайызы дереу қарызын төледі.

Вы не сможете пользоваться канализацией. Все спасибо. Что дальше? Оплачивать когда будете?

Коммуналдық кәсіпорын өкілдері күн сайын жүздеген тұрғынның есігін қағып, ескерту жасайтындарын айтады. Бірақ борышкерлердің көбісі пәтеріне кіргізбейді. Тіпті арасында 5-6 жылдан бері бой тасалап жүргендері де бар. Берешегі көбейіп кеткендердің басым бөлігі жатақхана тұрғындары мен нашақорлар, әлеуметтік жағдайы төмен топтың өкілдері.

Бибігүл Байғазина, бақылаушы:

Есіктерін қағамыз. Үйлеріне кіргізбейді. Естідім, жаңа жұмысқа барғанда, пистолетін алып жүгіріп шықты дейді. Атып тастай жаздады деп айтып жатыр жаңа.

Қарызын өтеудің орнына мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне қарсылық білдіріп, сес көрсететін тұтынушылар да көп кездеседі. Осылай деген «Қостанай-су» кәсіпорыны өкілдері учаскелік полицейлермен бірлесіп, рейдттік тексеру шараларын жиі-жиі жүргізуді қолға алып отыр.

Заңғар САНАЙ