Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысындағы оқушылар ІТ-технологияларды меңгеріп жатыр

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2018
  • 2770

Павлодар облысындағы оқушылар ІТ-технологияларды қалай меңгеріп жатыр? Осыны білу мақсатында  «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова аймаққа барды. Кереку жерінде қала мен аудан ғана емес, шалғай ауыл балаларын да ІТ-білімге баулу жобасы іске асуда. 1000-нан астам оқушы білім алатын N37 мектепте адамның түрі мен саусақ бедерін анықтау арқылы мектепке кіргізу жүйесі орнатылған. Бұл «ақылды технологиялар» бағдарламасы аясында қолға алынды. Тамара Дүйсенова жеткіншектер жасаған компьютерлік бағдарламалар, веб-сайт, анимация және мобильдік қосымшалармен танысты.

Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Информатика пәніне қосымша кеңйтілген түрде информатика пәні ғана емес, өздері жаңа бір бағдарлама жасай алатындай жаңа сервистік үйрету мәселесі. Көріп отырмын бұл жұмыс Павлодар облысында өте жақсы жүріп жатқандығын.

Мектепте "Күнделік" және "Bilimland" ақпараттық білім беру жүйелері жұмыс істейді. Электронды кітапхана жобасы бойынша кітап қорының есебі жүргізіледі. Білім ошағында 8 мамандандырылған оқу бөлмесі бар. Тамара Дүйсенова жуырда ашылған заманауи сыныптардың жұмысымен танысты, балалар кітапxанасында ашылған коворкинг-орталыққа барды. Сондай-ақ, облыстық Оқушылар сарайындағы YBYRAI қорының қолдауымен ашылған ІТ-сыныптың жұмысын көрді.