Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Түркия президенті лауазымына сайлануына байланысты жылы лебізін жеткізді. Бұл туралы
Ақорда хабарлады.
Әңгіме барысында Президент Ердоғанды айқын жеңісімен құттықтады.
«Сайлау нәтижелері түрік халқының Сіз жүргізіп отырған саяси және экономикалық
реформаларға шынайы қолдау білдіргенінің айқын дәлелі», - деді. Режеп Ердоған
Президентке ризашылық білдіріп, сайлаудың демократия қағидаттарына сай өткенін
айтты. Мемлекеттер басшылары бауырлас екі ел арасындағы сындарлы диалогты одан
әрі тереңдету жайын талқылады.