Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысында аптап ыстықтың кесірінен өрт қаупі күшейді

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2018
  • 3862

Батыс Қазақстанда өрт қаупі күшейді. "Бұған күннің күрт ысуы мен жауын-шашынның болмауы себеп", - дейді төтенше жағдайлар қызметінің мамандары. Осыған байланысты облыс орталығы мен аудандарда бесінші дәрежелі өрт қаупі жарияланды. Құтқарушылардың сөзінше, өрт оқиғаларының көбеюіне әдеттегідей азаматтардың салғырттығы себеп. Сондықтан алдын-алу жұмыстарына баса мән беріліп отыр.

Маусым айында өңірде 23 оқыс оқиға тіркелді. 4500 гектардай аумақты жалын шарпыған. Өртенген жер көлемі мамыр айындағыдан екі есеге көп. Абырой болғанда, адамдар зардап шекпеген. Ауа райын болжаушылардың дерегінше, алдағы үш күнде аптап ыстық 40 градусқа дейін жетеді. Бүгінде Оралдағы ауа температурасы 37 градусты көрсетті. Демалыс күндері де өртке қарсы қызмет бірнеше рет атқа қонған.

Жарас Көпжасаров, БҚО ТЖД аға инженері:

Соңғы уақытта облыстағы табиғи өрттер мен жанулар көбеюде. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар мен қожалықтардың басшыларына күннің ыстық болуына байланысты техникаларының ақау болуынан өрттің пайда болуына, солардың алдын-алу бойынша хат жолданды. Сондықтан қала тұрғындары мен шаруа қожалықтарының иелерін қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз.