Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық телеарналар мен радио толқындарда кешкі уақытта жарнама азаяды

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2018
  • 6162

Қазақстандық телеарналар мен радио толқындарда кешкі уақытта жарнама азаятын болды. Жарнама мәселелері бойынша тиісті заң жобасына  өзгерістер енгізіледі. Бүгін Мәжіліс тиісті құжатты мақұлдады. Коммерциялық жарнамалар көлемі келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап 20 пайызға қысқарады. Заң жобасы негізінде 5 кодекс пен 9 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Сонымен қатар әлеуметтік жарнамада балалардың бейнесін пайдалануға қойылған шектеулер алынып тасталады. Және де теле-радио арналар күніне 10 әлеуметтік роликке дейін тегін орналастыруға міндеттеледі.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Ешқандай қиындық туындамайды. Ол ұсыныстарды біз телекомпаниялармен талқыладық. Ұсыныстар жалпы қабылданды. 

Айта кетерлігі, Мәжілістің бесінші шақырылымы өзінің үшінші сессиясын аяқтады. Соңғы отырысты қорытындылаған палата төрағасы Нұрлан Нығматулинның сөзінше, барлығы 38 жалпы отырыс өткен. Депутаттар 128 заң жобасын қарады. Оның 91-ін мақұлдап, Сенатқа жібердік деді төраға. Ал 29-шы маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді.