Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында халық саны қанша екені белгілі болды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2018
  • 31169

Түркістан облысы мен Шымкент, Түркістан қалалаларының аумағы белгіленді. Бұл туралы Үкімет басшысының қаулысы Ашық Үкімет порталында жарияланды. Түркістан облысының халық саны 2 млн 929 мың адам. Ал жер аумағы 6 млн 608 мың гектарды құрайды. Су жаңа облыстың шекарасы Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды өңірімен және Өзбекстанмен шектеседі. 11 аудан, 3 қала және 841 елді мекеннен құралған. Ал Шымкент қаласының аумағы 116 280 гектар. Құжат порталға халық талқылауы үшін 22 маусымда шығарылды. Онда әр азамат пікір білдіруге құқылы. Осы мәселеге орай 6 шілдеде қоғамдық тыңдау өтеді.

Еске салайық, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанды облыс орталығы ету туралы бұйрыққа 19 маусымда жариялы түрде қол қойды. Ал Шымкенттің мәртебесі республикалық маңызы бар шаһарға ауысты.