Биыл Қазақстанға келетін саяхатшылар саны 30 пайызға артты. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы хабарлады. Бірінші тоқсанда елге 2 миллионға жуық турист ат басын тірепті. Олардың 70 пайызға жуығы - үндістандықтар. Сондай-ақ, Польша, Иран, Германия мен Оңтүстік Кореядан келетін саяхатшылар қызығушылығы артып келеді. Ел ішінде саяхаттауды қалайтындар санында да өсім бар. Ол былтырғыға қарағанда 6,8 пайызға артқан. Ол 1 миллион 86 адам.