Русский Сайттың толық нұсқасы

Риддер әкімінің экс-орынбасары 1 жылға бас бостандығынан айрылды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2018
  • 2634

Риддер әкімінің бұрынғы орынбасары Бауыржан Құрманбаев 1 жылға сотталды. Экс-шенеунік жазасын қауіпсіздік деңгейі төмен түзету мекемесінде өтейтін болады. Мас күйде көлік тізгіндеген атқамінер 5 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Сондай-ақ сотталушы 158 мың теңге көлеміндегі сот шығындарын төлеуі тиіс.

Риддер қалалық соты құны қымбат көлікпен адам қағып өлтірді деп айыпталған Бауыржан Құрманбаевты кінәлі деп таныды. Ол биыл 16 сәуір күні мас күйде "BMW Х5" маркалы көлік тізгініне отырып, 18 жастағы Евгений Смольниковты қағып кеткен болатын. Қатты соққыдан жас жігіт апат орнында жан тапсырған. Сот барысында прокурорлар Бауыржан Құрманбаевты 5 жылға соттауды сұраса, талапкер тарап бас бостандығынан айырмау жазасын тағайындауды талап етті. Тараптар 15 тәулік ішінде апелляциялық шағым түсіру мүмкін.