Биыл Астанада жергілікті атқарушы билік арасынан жемқорлық тудыратын фактілер анықталмаған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы департаментінің өкілі хабарлады. Оның айтуынша, қазір елордада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары күшейтілген. Осыған орай, агенттік Астана қаласы әкімдігімен «Астана - адалдық алаңы» жобасын іске асырып отыр. Мақсаты - тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою.
Жазира Жылқышиева, ҚР МҚІСЖ қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы:
Агенттіктің негізгі мақсаты, ұстау қамау ол негізі заңға сәйкес жүре береді. Осы бір-екі жылдан бері біздің негізігі жұмысымыз - түсіндіру, алдын алу жұмыстары. Жаңа айтып отырмын, «Астана - адалдық алаңы» жобасы осы агенттік пен Астана қаласы әкімдігі арасындағы жүргізіліп жатқан үлкен жоба.
Сондай-ақ,
мамандар тұрмыстық жемқорлық көбіне халыққа күнделікті қызмет көрсету
түрлерінде кездесетін айтып отыр. Атап айтсақ, тексеріс кезінде студенттерге
арналған жатаханаларда тамыр-таныс арқылы отбасылы адамдардың, мұғалімдердің
тұрып жатқаны анықталған. Сонымен бірге, мектептерде ата-аналардан ақша жинау
фактілері де кездескен.