Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен ШҚО-на барды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2018
  • 2220

Темекі шекпеу, майлы тамақты азайту, денсаулық күтіміне ақылмен қарау. Өскеменге жұмыс сапарымен барған президент Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындарға осындай кеңес берді.

Биыл роботтандырылған хирургия орталығы іске қосылған бірінші қалалық ауруханда 40-тан аса ота сәтті жасалды. Мемлекет басшысы Зырьян мен Аягөз аудандары арасында өткен телекөпірге қатысты. Бұл елді мекендерде былтыр жаңа инсульт орталығы ашылған. Мұнда науқастарды жедел жеткізу, инсульттан кейін қалыпты өмірге тез бейімдеуге көмектеседі. Дәрігерлермен әңгімелескен президент әлемде өмірді ұзарту, өз денсаулығын күтуге адамдар ақылмен қарайтынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Все научные исследования привели к тому, что человек должен сам о себе позаботиться, надо перестать курить всем людям - и мужчинам, и женщинам, и уменьшить калории в своей жизни, и главный фактор лечения - это проводить операции вовремя. Выявили вовремя, удалили, и этим вопросом мы занимаемся. В Астане открываем специальный центр. Говорят, 10-15% нашего здоровья зависит от врача, от медицины.  Все остальное от образа жизни, как мы себя бережем».

Өскемендік ақ халаттылар президентке жыл соңына дейін 200 дәрігер Еуропадағы жетекші емханаларда тәжірибеден өтетінін айтты. Сондай-ақ, ақ биыл Семейде қан тамырларын анық көрсететін 3д форматтағы нейрохирургия орталығы ашылады. Ал Өскеменде Гематалогия орталығы іске қосылмақ.