Русский Сайттың толық нұсқасы

Трамп пен Путиннің кездесуінде қаралатын сұрақтар мәлім болды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2018
  • 1729

Дональд Трамп Ресей президентімен НАТО саммитінен кейін 16 шілдеде Хельсинки қаласында кездеспек. Кездесудегі талқыланатын нәрселер АҚШ президентінің көмекшісі Джон Болтонның Мәскеудегі іс сапарынан кейін мәлім болды. Ол кездесудің өтетінін растап, нақты ақпараттарды Мәскеу мен Вашингтон қатар жариялайтынын айтты. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, көшбасшылар санкциядан бастап, Ресейдің Сирия мен Донбасқа әрекетін, 2016 жылғы АҚШ президент сайлауына Ресей тарапынан килігу болды ма, жоқ па деген сұрақтарға дейін талқылайды. Трамп пен Путин бұдан бұрын 2017 жылы шілде айында өткен G20 саммитінде жүздескен болатын.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Біз жақын арада кездесеміз. Мен қашанда Ресеймен және Қытаймен қарым-қатынасты реттеу, жалпы бәрімен тіл табысу жақсы екенін айтып келемін. Бұл барлығымыз үшін, әлем үшін маңызды. Кездесуде Сирия мен Украина жайлы тағы басқа да сұрақтар төңірегінде сөйлесеміз деп ойлаймын. Қытай президентімен кездесуіміз өте тамаша өтті. Сондықтан алдағы басқосу да сәтті аяқталуы мүмкін.