Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының орындалуы барысын қадағалау жөніндегі қоғамдық кеңестің жиналысы өткен - "Нұр Отан" партиясына 11 000-ға жуық сұрақ түскен. Басым көбі «7-20-25" бағдарламасына қатысты.
Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Президентінің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру барысын қадағалау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор:
Ең бастысы, ешқандай баспанасы жоқ адамдарға бірінші бастамамыз ең бірінші соларға беруіміз керек. Соларды қамтамасыз ету керек жаңағы үйлермен. Содан кейін барып, басқа жұмыстарымызды ары қарай жылжытамыз. Мына студенттердің де жағдайын жақсартайын деп жатырмыз.
Ал Ұлттық банк төрағасының орынбасары жеңілдетілген ипотека бергенде қарыз алушылардың "несие тарихы" ескерілетінін тағы ескертті. Сондай-ақ, отырыста өңірлік «жол карталары» дайындалуы керектігі айтылды.
Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:
«Жол картасы» жалпы алғанда тиімді орындалып жатыр. Алайда өңірлерде осы тектес жол карталары жоқ. Сондықтан осы отырыстың хаттамасына 5 әлеуметтік жобаны іске асыруға арналған жол карталарын дайындаудың қажеттігін нұсқауды енгізуді сұраймын. Егер олай істемесек, жатақханалардың құрылысы созылып кетуі мүмкін. Сондықтан жергілікті атқарушы биліктің тарапынан бақылау қажет.
Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:
Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру барысына орай «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау орындарының бәрінде сауалдар, ескертпелер және ұсыныстарды жинайтын арнайы желілер іске қосылды. 200 -ден астам қабылдау пункттерінде осы мәселеге орай азаматтардың өтініш-арызын күн сайын қабылдайды.