Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада «Қазақ еліне мың алғыс» атты ескерткіш ашылды

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2018
  • 6933

2022 жылға қарай "Зенит" зымыраны дайын болады. Бұл туралы "Өңірлердің Астанаға тартуы" жобасы аясында Қызылорда облысы салған зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясын аралап көрген президент мәлімдеді. Елбасына ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің мүмкіндіктері таныстырылды. Бізде білікті кадрлар бар деген мемлекет басшысы, Қазақстан жаңа технологиялық дәуірге қадам басатынын, атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ғарышқа жер серігін дайындайтын мына зауытты менің келісімімен Франциямен бірігіп салып жатырмыз. Құдай бұйыртса, жақында жер серігін өзіміз жасайтын боламыз. Міне Қазақстан жаңа технологиялық деңгейге көтерілейін деп отыр.

Астанада «Қазақ еліне мың алғыс» ескерткіші ашылды. Қуғын-сүргін заманында жер аударылған халықтың тарихынан сыр шертетін монументті Қарағанды облысы тарту еткен. Ескерткіште қазақ әйелі корей, кавказ және еуропалық қызды құшағына алған. Этнос өкілдері бұл орын балаларымызбен келіп, өткенді еске алатын құтты мекенге айналады дейді.

Мына бала әкемді есіме салды. Әкем дәл осы баладай кезінде жер аударылған. Құрметті президент, корей халқының дәстүрімен, Ұлы дала еліне иіліп тұрып алғыс білдіреміз.

«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Қарағанды облысы  «Ұлытау» аллеясын да сыйға тартты. Ұзындығы 250, ені 55 метр болатын саяжол Түркістан көшесі мен Мәңгілік ел даңғылында орналасқан. Сондай-ақ, Елордада ботаникалық бақ ашылды. Жалпы аумағы 92 гектар. Мұнда тропикалық өсімдіктерге арналған жылыжайлар бар. Бақшасында 33 мыңнан астам ағаш, жасанды су қоймасы, веложол, жаяу жүргіншілер жолы бар. Президент мұның барлығы халық игілігі үшін жасалғанын атап өтті.