Русский Сайттың толық нұсқасы

ЭКСКЛЮЗИВ: Ұлы Жібек жолы туристік белдеуінің ортақ төлқұжаты пайда болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2018
  • 5691

Жыл соңына дейін Ұлы Жібек жолының туристік белдеуі ашылып, туристер үшін ортақ төлқұжат пайда болуы мүмкін. Сонда бірнеше елдің саяхатшылары Қазақстанға 1 аптаға визасыз кіре алады. Бұл туралы Жібек жолы елдері қалаларының мэрлері бас қосқан форумда айтылды. Астана арнасына сұхбат берген Еуразия экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Пискуревтің сөзінше, біздің азаматтар Ресей, Қытай, Үндістан мен Иран елдерін турист ретінде 1 апта емін-еркін аралай алады.

Владимир Пискурев, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы:

Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымы бастамашы болып, Ұлы Жібек жолының туристік белдеуін жасаймыз. Астана тізімнің басында тұрады. Туристер осы белдеудегі қалаларды аралауға мүмкіндік алады. Жаңа инвестициялар тартылады, жұмыс орындары ашылады. 5 күн немесе 1 апта туристер Жібек жолындағы елдерді визасыз тамашалай алатындай жағдай жасалады. Бастаманы алғаш рет Астанада көтергелі отырмыз.

Астананың 20 жылдығы қарсаңында Елорданың символы - Бәйтерек, «Бәйтерек тауэр» ретінде, туристер үшін аса тартымды нысандардың әлемдік  тізіміне енді. Сертификат қала тұрғындарына тапсырылмақ. Алматыдағы Медеу мұз айдыны да тартымды туристік нысандар тізімінде.

Владимир Пискурев, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы:

Екі апта бұрын Стамбұл қаласында осындай шешім қабылданды. Бәйтеректі ол тізімге қосу үшін 48 ел дауыс берді. Туристік тартымды ғимараттар тізімінде Эйфель мұнарасы, Тәж Махал және Қызыл алаң сияқты нысандар бар. Бұл Астананың 20 жылдық мерейтойына тұспа тұс келді. Қазақстан үшін қос қолдап дауыс бердім.