Русский Сайттың толық нұсқасы

"Астана" халықаралық қаржы орталығы криптовалюталарды реттеудің пилоттық платформасына айналуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2018
  • 3141

"Астана" халықаралық қаржы орталығы криптовалюталарды реттеудің пилоттық платформасына айналуы мүмкін. Орталық басшысы Қайрат Келімбетов осылай деді. АҚШ, Жапония, Швейцария бұл валюта түрін реттеуді үйренген. Жаңа қаржы құралы әлем инвесторларының қызығушылығын тудырып отыр, - дейді ол. Қазақстанда криптовалютаға қатысты мәселе Ұлттық банк пен "Астана" халықаралық қаржы орталығы арқылы реттеледі. Бас банк жаңа технологиялардан халықтың зардап шекпеу жағын бақыласа, "Астана" орталығының мақсаты - кәсіпқой инвесторлар қатысатын әлемдік деңгейдегі қаржы құралын құру.  

Қайрат Келімбетов, "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

Ұлттық банк пен Үкімет арасында нақты келісім бар. "Астана" халықаралық қаржы орталығы алаңында Қазақстанда ғана емес, аймақта криптовалютаны қолдану мәселелерін түсінікті реттеу, блокчейн және басқа да технологиялар сынақтан өткізіледі. "Түсінікті реттеу" дегенге криптовалютаның түрін, ол цифрлы ма, витруалды ма екенін анықтау, жүйенің қалай құрылғаны, криптобиржаларды реттеу кіреді. Алғашқы заң жобасын көпшілікке жарияладық. АҚШ пен Жапонияның бұл индустриядағы ірі операторлары біздің алаңда бірлесе жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр.

"Астана" халықаралық қаржы орталығы 5-ші шілдеде Астананың 20 жылдығына орай ресми түрде ашылады. Ұлттық қорға қарасты компанияларды жекешелендіру осы алаңда  жүзеге асады. "Қазмұнайгаз" бен "Қазақстан темір жолы" акциялары осы орталықтағы халықаралық биржада саудаға шығарылады деген жоспар бар.