Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда электр энергиясына тапшылық болмайды

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2018
  • 3386

Алматыда энергия тапшылығы  жойылды. Қаланы қуатпен тұрақты қамту туралы 2008 жылы қабылданған бағдарлама аясында 31 қосалқы станцияның соңғысы іске қосылды. «Түрксіб» деп аталатын бекет «Жас қанат» тұрғын үй кешені мен «Қайрат» елді мекенін қамтиды. Қуаты 30 мегаваттық станция іске қосылған соң Түрксіб ауданында жарықты өшіру болмайды дейді мамандар. Ал осыдан 30 жыл бұрын салынған «Горный гигант» электр станциясы топырақ көшу қаупі бар аумақта тұр. Жарық таратушы компания оны «Ерменсай» қосалқы станциясына көшірмек. Бұл жұмыстарға 20 миллиардтан астам теңге жұмсалды.

Ахметжан Есімов, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарма төрағасы:

Тек осы подстанцияларды дұрыс пайдалану керек. Сонда бизнестің дамуына да, қала тұрғындарына да шектеу болмайды.