Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 30-ға тарта оқушы бір мезетте домбырада ойнады

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2018
  • 2897

Алматыда мектеп оқушылары мен жастар бір уақытта домбырада ойнады. Осылайша, жеткіншектер ұлттық мерекенің мерейін үстем етті.  Қүмбірлеген қоңыр үнге толы композициялар жұртшылыққа керемет көңіл-күй сыйлады. «Домбыра күнін» қолдау мақсатында өткізілген бағдарламаны «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы ұйымдастырды. "Жас Отан" да шет қалмады. Қатысушылар түрлі үйірмелерде ұлттық аспапты үйреніп жүрген балалар болғандықтан, бір аптада осындай үлкен бағдарламаға тез жұмыла кіріскен. Шара бүгінмен бітпейді, мұнан әрі елімізде ғана емес, шетелде де  жалғасын табады, дейді партиялықтар.

Меруерт Мұқанова, «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Эстафета түрінде басқа мемлекеттерге берілетін болады. Бұл шара енді халқымыздың көңілінен шығып, ұлттық «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ  - домбыра» демекші, осындай ұлттық аспабымызды, ұлттық күйлерімізді дәріптеу деп есептеймін.